XX асырда аза стан Республикасы денсаулы
XX ғасырда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуы 2002 жыл біздің республикамызда Денсаулық жылы болып жарияланды. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының даму және нығаю тарихы Қазақстанның бүкіл халық шаруашылығының даму тарихын көрсетеді. Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгінгі күні қиын жағдайда: бюджеттегі емдеу мекемелері азаматтарға қолайылы, ақысыз, білікті медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрінің мүмкіндігі жоқ, жаңа жүйе болса әлі игерілмеген. Біз денсаулық сақтау саласын алға ілгерілету үшін ең алдымен оның даму тарихын, оны құрушыларды білуге, оларды қиын экономикалық жағдай кезінде ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегін ардақтауға тиістіміз. Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңде өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданды. А. Васильев, А. Ячмин, А. Диваев және басқалар көрсеткендей, XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар, сынықшылар, тәуіптер айналысқан. Бақсылар дәрі дайындай білген. Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған көптеген дәрі – дәрмектерді пайдаланды. Бұндай дәрілерге раушан, майкене, дермене тұқымы, анар ағашы, цикорий, андыз, дермене жусаны, ашудас, күкірт қышқыл магнезиі, сынап, күкірт тотияйын, мышьяк, мүсәтір спирті, азот қышқылы, хинин, апиын жатады. Бақсылар асқазан – ішек сырқаттары кезінде әртүрлі дәрілер қолданады. Мысалы, асқазан ауырғанда рауғаш, апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын берген. Қатты жөтел кезінде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған. Қазақтың халық емшілері қымызды негізінен түберкулезді, құрқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек – қан тамыры және асқазан – ішек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде халық медицинасының өз құралдары мен әдістері болған. Шәйді терлету құралы ретінде пайдаланған. Аурудың алдын алу мақсатында алапеспен ауыратындарды сау адамдардан бөлек ұстаған, шешектен, ауырғандарды тек осындай сырқаты болған адамдар ғана күткен. Шешекпен ауыратын бір адамы болса да бүкіл ауыл қонақ
Похожие работы
- Рефераты
- Рефераты
- Рефераты
- Рефераты
- Рефераты