Шо ан Уалиханов 1835-1865 — страница 7

  • Просмотров 1839
  • Скачиваний 9
  • Размер файла 263
    Кб

болған жылдары оның ғылыми-шығармашылық қызметінің аса елеулі кезеңі болды. Мәселен, Бас штабының әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша, ол Орта Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. "Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы", "Құлжа қаласының жобасы", "Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта", "Қытай империясы батыс өлкесінің картасы" т.б. дайындалады. Мұның өзі

Ш.Уәлихановтың география, картография салаларына қосқан үлесі зор екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Шоқан География құрамында белгілі неміс ғалымы Карл Риттердің еңбектерін баспаға әзірлеседі, сыртқы істер министрлігін Азия департаменті жанындағы Жоғары мектепте, География қоғамында ІПығыс Түркістан, Қырғызстан туралы лекция оқиды, университеттің тарих-философия факультетінде лекцияларға қатысып отырады. Мұның өзі Шоқан

бойындағы ғылымға деген ерекше ынта-ықыласты, қажымас қайратты танытады. Шоқанның Петербургке барған кезі 1861 жылғы басыбайлылық тәртіпті жою жөніндегі реформаның қарсаңы еді. Шаруларды патшаға қарсы үндеген, қоғамды сынаған т.б. Чернышевский, Добролюбов, Некрасов сияқты алдыңғы қатарлы ақын-жазушылардың "Современник" журналында жарияланған мақалалары Шоқанға қатты әсер етіп, саяси әлеуметтік көзқарасының

қалыптасуына негіз болды. Петербургте Шоқан достары П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен Ф.М. Достоевскийді кездестіреді, көрнекті орыс ғалымдары А.И. Бекетовпен, шығыс зерттеушілері: Ф.Р. Отен-Сакенмен, И.И. Захаровпен, Е. Кавалевскиймен, ақындар А. Манасов Қ. Курачкин, Я. Полонскиймен танысып, араласады. Бұлардың бәрі оның идеялық жағынан көп толып өсуіне бірден-бір себеп болғанын көреміз. Ресейдің әлеуметтік өміріндегі өзгерістер,

орыстың революцияшыл демократтарының пікірлері оның демократтық көзқарасын тереңдете түседі. Қазақ халқының, әсіресе, оның төменгі тобының ауыр халі мен оның жағдайларына жан ашырлықпен қарап, түсініп көре білді. 1861 жылдың көктемінде денсаулығы төмендеуіне байланысты туған еліне оралды. Ол қазақ халқының тыныс-тіршілігін жақсартып, көмектесуді ойлап, әділеттілікті жақтап, халықтың мұң-мұқтажын түсіне білу мақсатымен

Атбасар уезіне аға сұлтан болуды да ойлады. Сайлауға қатысып, көпшілік дауыс алғанымен, Сібір әкімшілігі оны аға сұлтандыққа бекітпеді. Себебі, демократтық бағыттағы озық ойлы зерттеуші ғылым билеуші топ үшін қауіпті адамдардың бірі еді. 1862 жылы Потанинге жолдаған хатында: "Мұндағы мақсатым – өзі халқымды әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді", – деп ашық жазды. Ал, А.Г.Майковқа жазған хатында Шоқан бұл пікірін