Ша ын ж не орта к сiпкерлiктi азiргi жа дайы — страница 5

  • Просмотров 1308
  • Скачиваний 7
  • Размер файла 42
    Кб

бүгiнгi күннiң жағдайларына сәйкес келмейтiнiн көрсеттi. Кәсiпорындар iс жүзiнде рыноктi мемлекеттiк монополияға айырбастап, мемлекетке сәйкес келмейтiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруда. Әсiресе мұндай тәжiрибе мемлекеттiк тапсырыс есебiнен өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындарға тән. Бiр қатар мемлекеттiк кәсiпорындар рыноктік ортаға кең ұсынылған қызметтi жүзеге асырады: сауда - делдалдық қызмет, көлiк қызметтерi,

сервистiк сипаттағы қызметтер, құрылыс, баспаханалық және басып шығару қызметi, абаттандыру, ғимараттар мен құрылыстарға қызметтер көрсету, ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету және бағдарламалық өнiм жасау және т.б. Iрi мегахолдингтер құрамында жоғарыда айтылған қызметтi жүзеге асыратын және холдингтің негiзгi қызметiне қатысты бейiндi емес болып табылатын еншiлес ұйымдары бар екендігін айту керек. Құрылтай құжаттарда

көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың мақсаты мен мәнi заңнамада нормалардың нақты жазылмауы салдарынан әрқашан тура мағынасы негiзгi мақсатқа сәйкес келе бермейдi не кез келген қызмет түрлерiмен айналысу мүмкiндiгін көздейдi. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi   Қазақстан 2030 даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18

ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы басымдықтары тұрғысынан Бағдарламаның басты мақсаты шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi қызметiн барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылады. Шағын және орта кәсiпкерлiктің қазiргi жағдайы мен дамуының талдамасының нәтижелерiн және шетелдiк тәжiрибенi

ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшiн аталған бағытта мынадай мiндеттердi iске асыру көзделуде: Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн заңнамалық негіздің барынша ашықтығын құру; экономиканы бюрократиясыздандыру және әкiмшiлiк кедергiлердi жою; шағын және орта кәсiпкерлiкте көлеңкелi айналымды қысқарту; мемлекетке бейiндi емес функцияларды рыноктiк ортаға, бiрiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру;

кластерлiк-желілік ұстаным негiзiнде тiршiлiкке қабiлетті инфрақұрылымдық жүйелердi құру және қамтамасыз ету; инновациялық экономикаға кәсiпкерлiктiң қатысуы. Жоғарыда аталған мiндеттер мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады: 2005 жылы: тексеру жүргiзу, Қазақстан Республикасының бiр қатар заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу және қабылдау; шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту саласында