Ша ын ж не орта к сiпкерлiктi азiргi жа дайы

  • Просмотров 936
  • Скачиваний 7
  • Размер файла 42
    Кб

3. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен дамуын талдау   § 1. Жалпы ережелер Елдегi әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына оң ықпал еттi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар - 10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсiпкерлiк

субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын құрайды. Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиiстi күнiне 8,7%-ды құрады. Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан үлесi 2003 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi. Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң

артуы 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 8,7 %-ды құрады. Шағын кәсiпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк саласында белсендi халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен

қамтылғандардың жалпы санынан 31 %-ы). 2003 жылы көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-ға дейiнгi аралықта бағаланды. Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырысады.   § 4. Кәсiпкерлiктi қолдаудың

әлемдік тәжiрибесi   Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi. БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi. Рыноктiк