Са и Жиенбаев

  • Просмотров 742
  • Скачиваний 7
  • Размер файла 80
    Кб

Сағи Жиенбаев Қазақ поэзиясына өзінің азаматтық үнімен, сырлы сазды лирикалық өлең, дастандарымен сүбелі үлес қосқан қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаев 1934 жылы мамыр айының 15-жұлдызында Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы "Оймауыт" ауылында дүниеге келді. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін Жезқазған қаласындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Дарынды

ақынның алғашқы өлеңдері сол кезден бастап республика баспасөзінде жариялана бастады. Сағи Жиенбаев 1956 жылдан бастап біржола шығармашылықпен айналысты. Ол "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газеттерінде, "Мәдениет және тұрмыс", "Жұлдыз" журналдарында бөлім меңгерушісі болды. Ұзақ жылдар бойы "Жазушы" баспасында поэзия редакциясын басқарды. Сағи Жиенбаевтың лирикалық

өлеңдері оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп, әдеби сында жоғары бағасын алды. Тұманың тұнық суындай жарқыраған Сағи жырлары - ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған салмақты дүниелердің қатарында. Ақынның өлеңдері туысқан халықтар және шетел тілдеріне аударылып жарық көрді. Ол қазақ композиторларымен шығармашылық байланыста болды. Ғазиза Жұбанованың "Еңлік - Кебек", Базарбай Жұманиязовтың "Махамбет"

операларының либреттосын жазды. Ақынның алғашқы "Қарлығаш" аталатын өлеңдер жинағынан кейін "Сыйлық", "Таң алдында", "Дала гүлі", "Қайырлы таң", "Алтын қалам",' "Нан мен түз" таңдамалы жинағы, "Іңкәр дүние", "Жарық жұлдыздар", "Бақ құсы" өзге де отызға тарта елең жинақтары,тандамалы дастандары жарық көрді. Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова хақында жазған "Әлия"

поэмасы кезінде оқырман қауымнан жиғары бағасын алған еді. Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка тілінде сөйлеп, халық арасында кең тарап кетті. Сағи Жиенбаев тәржіма саласында да көп еңбек етті. Ол А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов, О.Туманян, В.Брюсов, Я.Смеляков, Р.Ғамзатов, Д.Кугультинов, М.Қанағатов, Д.Сасунскийдің өлеңдерін қазақша тәржімалады. Мектеп оқулықтарына енген шығармалары: "Әлия", "Бозторғай", "Жарық