лемдік аржы да дарысы аясында аза стан экономикасын дамыту м селелері

  • Просмотров 501
  • Скачиваний 8
  • Размер файла 41
    Кб

Сагимбаева А.Ю. Әлемдік қаржы дағдарысы аясында Қазақстан экономикасын дамыту мәселелері Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы дамытуға қоғамды басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновацияларды жетілдіру негіз бола алады. Ғалымдар мен мамандардың көпшілігі жиі қайталанып жатқан экономикалық дағдарыстар себептерін экономиканы басқару модельдерінен іздейді. Осыған орай, анағұрлым

қолайлы басқару құралдарын анықтау мақсатында экономикалық модельдердің батыстық, исламдық және басқа да түрлерін зерттейді. Ұлттық экономиканы басқару үшін жекелеген елдердің үкіметтері әлемдік тәжірибеден негізінен екі үлгіні қолданатындығын көруге болады. Олардың біріншісі - басқарудың монетарлық үлгісі, ал екіншісі - өндірістік үдерістер технологиясымен басқару үлгісі. Шын мәнінде, бұл үлгілер бір экономикалық

жүйенің екі жағы тәрізді, экономиканы басқарудың өзара толықтырушы құралдары болып табылады. Кезінде олардың арасындағы байланыстар өндірістің капиталистік және социалистік тәсілдері дамуының идеологиялық себептері бойынша ажырап қалған болатын. Басқарудың ұштасқан екі үлгісінің арасындағы ажырап қалған байланысты қалпына келтіру арқылы әлем елдерінің көпшілігінде қолайлы экономикалық басқарудың сапалы жаңа

технологиясы құрылуы мүмкін. Басқарудың аталған негізгі екі түрін талдау нәтижесінде бірінші үлгінің жеке секторды дамытуға негізделіп, нарықтық әдістермен басқарылғандығын, ал екіншісінің – экономиканың мемлекеттік секторын дамытуға негізделіп, жоспарлық әдістермен басқарылғандығы көрінеді. Бұл жалпы жүйелік айырмашылықтар салдарының нәтижесінде көптеген батыс елдерінің мемлекеттік басқаруларында қаржы ағындары

арқылы реттелетін экономиканы басқару тәжірибесі қалыптасты, ал бұрынғы КСРО-да тауар ағындары арқылы реттелетін экономикалық дамудың үлгісі басым қолданылды [1, б.5]. ҚР егемендігін алысымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен ұлттық экономиканың негізгі салалары нарықтық қатынастарға бағытталды. Кеңес дәуірінде мемлекет өзі ғылыми зерттеулерге тапсырыс жасап, қаржыландырып, оларды мемлекеттік кәсіпорындарда іске қосатын