аза тарды барша тіршілік болмысы

  • Просмотров 1601
  • Скачиваний 33
  • Размер файла 876
    Кб

Abiword HTML Document ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН БОЛЖАУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМДАР Қазақтардың барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып, бойлық бойынша тербеліп көшіп қонуға бейімделген көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі шаруашылықтың біртұтас құрылымын қалыптастырып, мұның өзі бір-бірімен өзара біте қайнасқан әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйені қалыптастырған.

Мұндай жүйе барша өмір салты, әлеуметтік тарихтың қарқынын, материалдық және рухани мәдениеттің қасиетін, салт-дәстүрін, талғам-танымын реттеп өміршең етіп отырады. Бұл тарихи дамудың кепілі болып келген. Ұлттық өнегемізбен өзіндік дүниетанымымызды қалпына келтіріп, қазақ деген халықты асқақ түсінігін ары қарай жалғастырып,әр затқа, құбылысқа байланысты ұғымымызды келер ұрпаққа сіңірту жауапты мәселелердің біріне айналып

отыр. Қазақтар табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаға қарсыласы ретінде қарамаған. Неғұрлым табиғат сырын терең тануға, табиғатпен бірге өмір сүруге бейімделген. Олар табиғатты бағындыру арқылы емес табиғатпен тіл табысу арқылы бақытты өмір сүруге болатынын таным-тәжірибе деңгейінде ғана біліп қоймай, мұның өзін өздерінің моральдық-эстетикалық қалыптарына айналдырған. Ғасырлар бойы қоршаған орта мен табиғат

құбылыстарының қасиет-болмысын қалт жібермей бақылау арқылы қазақтар өздерінің білік-тәжірибесін шыңдап отырған. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығымен мәдениетінде кеңістік пен уақыт санаттары ерекше орын алады. Олардың дүниетанымында бұл шамалар өмір сүрудің негізгі кепілі деп қарастырылады. Көшпелі қазақтар жыл мезгілдерін қатаң айырып, өз шаруашылық әрекетін соған байланысты бағыттаған. Қазақтардың табиғат

құбылыстары жөніндегі ақпараттылығы ол өмір тәжірибесі. Олар ай мен маусымдарға, жұлдыздарға ат қоя білген, осының негізінде өзіндік ұлттық күнтізбесін жасаған. Табиғат құбылыстарымен заңдылықтарын терең зерттеген қазақтардың халықтық экологиялық қағидалары қалыптасқан. Осындай  тәжірибе біліктері нәтижесінде ауа райын болжаудың қазақи дәстүрлі болжамдары туындады. Олар өздерін қоршаған табиғатқа байланысты. Алдымен