аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру
2. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру 2.1. Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды. Республиканың министрліктері мен ведомстволары және аса ірі бірлестіктер мен кәсіпорындар экспортты жоғары сапалы өнімдермен маңызды түрде қамтамасыз етуді жүзеге асыра бастады. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өкілеттіктер мен құқықтар орталық органдардан алынып, жергілікті жерлерге көбірек қосымша өкілеттіктер беріле бастады. 1989 жылдың сәуір айынан бастап барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетімен шығу және коммерциялық қызметті жүргізу құқы берілуі нәтижесінде, кәсіпорындар, республикадағы сыртқы экономикалық кешеннің басты буынына айналды. 1988-ші жылдан іс жүзінде кез келген мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар сыртқы нарыққа шыға алады. Дегенмен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру негізінде валюталық өз шығынын өзі өтеу қағидалары (принциптері) қаланды. Республикада сыртқы экономикалық қызметті дамытудың алғашқы сәтінен бастап СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленген болатын, нақтысында: сыртқы экономикалық байланысқа қатысушылардың тіркелуі; мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктер туралы мәлімдеу; лицензиялауды қоса отырып, жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорт және импорт тәртібі және т.б. Дегенмен, барлық қолданылған шаралар кәсіпорындардың, кооперативтер мен ұйымдардың өз бетімен сыртқы нарыққа шығудағы мүмкіндіктерін төмендетуге әкелді. Сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) алғашқы кезден әкімшілік әдістермен басқару, әсіресе экспорт бойынша іс-қимыл жасау, тікелей өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің экспорт-импорт операцияларын маңызды түрде
Похожие работы
- Рефераты