аза стан Республикасыны валютасы — страница 4

  • Просмотров 1781
  • Скачиваний 35
  • Размер файла 17
    Кб

түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі. Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне. Қағазға ендірілген талшық. Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді. Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа

дизайндағы банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Осы жыл аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады.  Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк  ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады.\ Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына

қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.