аза стан Республикасыны валютасы

  • Просмотров 699
  • Скачиваний 29
  • Размер файла 17
    Кб

Қазақстан Республикасының валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық

валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар; 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған). Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ; 1995 жылы 1994

жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы : 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген ); 2001 жылғы үлгідегі

номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінараөзгертілген ); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ). 2002 жылы : 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды. 2003 жылы :

2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар негізінен мәдени - ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде