аза стан Республикасыны сырт ы сауда саясаты — страница 8

  • Просмотров 2448
  • Скачиваний 29
  • Размер файла 74
    Кб

елдерге қарағанда басым. Сыртқы сауда саясатының құралдары. Кедендік тарифтер мен тарифтік емес кедергілер. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер есептеледі. Сыртқы сауданы реттейтін экономикалық құралға кедендік тарифтер жатады, өзінің әрекет сипатына байланысты ол сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің классикалық құралына жатады. Кедендік тарифтер - кедендік баж

салықтарының ставкасының жүйелі тізбегі. Кедендік баж салығы импорт мен экспорттың мемлекеттің шекарасынан өту кезіндегі салығы ретінде түсіндіріледі. Осы уақытқа дейін тарифтер халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің белсенді формасы мен бюджет кірісінің маңызды тармағы болып келді. Ол тек қана импортталатын және экспортталатын тауарларға ғана емес, сонымен қатар қайсыбір елдің шекарасынан транзит арқылы өтетін

тауарлардан да алынды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған тарифтер мен сауда бойынша бас келісімнің (ГАТТ) әрекеттері тарифтердің жағдайын түбегейлі өзгертті. Ең алдымен кеден тарифтерінің орташа деңгейі төмендеді. ГАТТ-қа қол қойған мемлекеттер экспорт тарифын өтпелі экономикалы елдер тәжірибесінде ғана қолданады. Бұл елдің Әлемдік сауда ұйымына (ВТО) енуіне кедергі болады. Экспорт тарифінің көмегімен дамушы

елдер шығарылатын өнім бағасын көтере отырып өздерінің кірістерінің келемдерін көтергілері келеді. Транзитті тариф те қазіргі кезде сирек кездеседі. Тұтасымен алғанда кеден тарифінің мәні төмендеуде, өйткені көптеген елдердін үкіметі халықаралық сауданы шектеуде тарифтік емес тәсілдерді қалайды. Енді біз импорттық тариф механизмінің әсерлерін қарастырып көрейік. Кедендік баж салықтарын белгілеудің әртүрлі тәсілдері

бар, ең көп тарағаны адвалорлы тариф, ол импортталатын тауар құнынан пайыз есебінде белгіленеді. Қазіргі заманғы сауданың негізгі объектісі өңдеуші өнеркәсіптер өнімі болғандықтан адвалорлы тариф көлемі жоғары. Бірқатар тауарлар үшін кедендік баж салығы импортталатын тауардың көлемі немесе салмақ бірлігіне қатаң сома ретінде белгіленеді. Бұл тариф ерекше деп аталады. Тарифтің бұл түрі бұрынырақта кеңінен қолданылды және

әлемдік сауданың негізгі бөлігі шикізатқа тиесілі болды. Бірқатар тауарлар үшін кедендік баж салығы адвалорлы және ерекше тарифтердің үйлесімділігі жолымен белгіленеді. Бұндай тарифті аралас деп атайды. Тарифтерді енгізудің экономикалық салдарлары әртүрлі: ол өндіріске, тұтынуға, елдін сауда айналымы мен әл-ауқатына әсер етеді. Экономикалық мазмұны бойынша кедендік баж салықтары төмендегіше бөлінеді: 1) Фискалды,