аза стан Республикасыны сырт ы сауда саясаты — страница 5

  • Просмотров 2455
  • Скачиваний 29
  • Размер файла 74
    Кб

табылаты салалар инвестициялық саясаттың басым объектісі болып табылады. Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерді сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтарды қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретін оларды-маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады. Әлемдік

шаруашылық байланыстар интеграциясының тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді. Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегі де әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау. Төлем балансының тең болмауы, экспорт

тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады. Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады. Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын

дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады. Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардаң өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді. Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде құруы тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін

стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестщиялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс. Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің

экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар, еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары "даму локомотиві" болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін. Сонымен бірге, сыртқы сауданы реттеу шараларына, арсненалына төмендегі құралдар кіретіндігін атап өту керек (1- кестені қараңыз). Оларды 8 топқа топтауға болады. 1-кесте Реттеу