аза стан Репспубликасынын нары ты тауарлар ндірісіні алыптасу жа дайлары — страница 5

  • Просмотров 2687
  • Скачиваний 36
  • Размер файла 21
    Кб

құрылымын қайта құрудың обьективтiлiгi қажеттiлiгiн тудырады.Қазiргi кезеңдегi мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi мен қызметi 1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзiретiн нақтылау жөнiндегi шаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргiзiледi. Аталған құжат мемлекеттiк басқару жүйесiне елеулi өзгерiс әкелген 1997 жылдың 4 наурызында жарық көрген,

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк органдар жүйесiн реформалаудың кезектi шаралары атты Президент жарлығының жалғасы болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттiк органдар құрылымы келесiдей:• Қазақстан Республикасы экономика министрлiгi;• ҚР-ның көлiк және коммуникация министрлiгi;• ҚР ауыл шаруашылығы министрлiгi;• ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлiгi;• ҚР бiлiм және ғылым министрлiгi;• ҚР табиғи

ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлiгi;• ҚР стратегия жөнiндегi агенттiгi;• ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiк;• Үкiмет құрамына кiрмейтiн бiрқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрi қарай жетiлдiру экономика мен шаруашылық тетiктерiн нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты. Басқару құрылымы әрi қарай

жетiлдiрудегi негiзгi талаптар болып мыналар табылады:• Ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негiзгi заңдылықтарына, дәл кезiндегi мақсаттарға сәйкес болуы керек;• Ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық тетiгiнiң өзгеруiмен қатар iске асырылуы керек;• Бұрын өзiн өзi ақтаған басқарудың ұйымдастыру нысанындағы, қағидаларды және әдiстердi жалғастырып пайдалану.Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

серпiндiкпен сипатталатын және обьектiнiң жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелерi өтпелi кезеңнiң әр сатысында зерттелiп отыруы қажет. Ол мәселелер мынадай топтарға жинақталады:• Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатынасын оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның функцияларын, құқықтарын және жауапкершiлiк қызметтерiн анықтап айыру. Сонымен қатар негiзгi

топтағы кәсiпорындар, фирмалардың шаруашылық дербестiгiн елеулi көтеру;• Республикалық, аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы мiндеттердi шешуде басқару органдарының үйлестiгi мен әрекеттестiгi;• Еңбектi ұйымдастырудың пайдалы нысандарын, шешiм қабылдаудың әдiстерiн және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының жұмысын тиiмдi етiп көру.Осы аталған мәселелер кешенi аппаратты құруды жан -жақты қамтиды.