аза стан Репспубликасынын нары ты тауарлар ндірісіні алыптасу жа дайлары — страница 4

  • Просмотров 1629
  • Скачиваний 33
  • Размер файла 21
    Кб

ұйымдастырушылық бастамасына да тiкелей қатысты.Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика үкiметi нарыққа өтудiң тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдамада мемлекеттiк және экономикалық егемендiктiң қағидаларына негiзделген. Онда нарыққа өтудiң стратегиялық бағыттары анықталған. Реттеулi нарықтық экономикаға өту келесi негiзгi бағыттардан құралады:• Меншiктi мемлекет иелiгiнен алу- ол мемлекеттiк меншiктiң монополиясын

жою және өндiрушiлердiң бәсекесiн дамытуға жағдай туғызу. • Монополиясыздандыру және монополияға қарсы саясат- аталмыш заңды • Қабылдау, еркiн кәсiпкерлiкке жағдай туғызу және қатарлы өндiрiстiк құрылымдарды дамыту.• Қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру.• Баға құрылымы саясаты.Аталған реттеулi нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негiзгi қағидалар белгiленген. Олар төменде көрсетiлгендей:• Республика

территориясында заңдылықтың басымдылығы мен үстемдiгi;• Меншiк түрлерiнiң сан алуандығы және олардың еркiн дамуы мен бәсекесi;• Дербес баға белгiлеу саясаты;• Сыртқы экономикалық саясатты жүргiзудегi толық дербестiк;Басқару обьектiлерiнде жүргiзiлiп жатқан терең де сапалы өзгерiстер ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетiлу үстiнде болатын басқару обьектiсiн бұрынғы

қалыптағы әдiске салуға болмайды. Керiсiнше, әдiстер өзгертiлiп отырған экономикалық мiндеттерге сәйкестендiрiлуi тиiс. Ол бiр жағынан нарыққа өтпелi кезеңде аймақ басқару субьектiсi ретiнде, екiншi жағынан нақтылы елдегi әлеуметтiк экономикалық процестер әсерiнен бiрiккен жергiлiктi қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерiнен дамиды.Бұрынғы орын алған мемлекеттiк билiк пен басқару құрылымдарының бiрқатар кемшiлiктерi болған.

Олардың қатары төмендегiдей:• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндiрiстiк, экономикалық және интелектуалдық әлеуеттiң тиiмдi пайдалануын қамтамасыз етпедi;• Нарықтық қатынастарды ендiру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнiмдi ынталандырудың жаңа тетiктерiн енгiзудi, кәсiпкерлiк пен бәсекенi жетiлдiрудi мүмкiн етпедi;• Басқару органдарының әдiстерi мен нысандары ескiше болды;• Салалық басқару органдарында қайта

бөлу қызметi басым болып, кәсiпорындар әрекетiне себепсiз араласу мен олардың экономикалық дербестiгiн шектеу орын алды;• Елеулi кемшiлiк болып қабылданған басқарушылық шешiмдерге жауапкершiлiктiк орын алмауы табылды;• Келiсiмсiз әрекет жасау, қызметтi пайдалану, атқарушы органдарда кең етек алды;Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелерi мемлекеттiк билiк пен халық шаруашылығын басқару органдарының