аза стан Репспубликасынын нары ты тауарлар ндірісіні алыптасу жа дайлары — страница 3

  • Просмотров 1627
  • Скачиваний 33
  • Размер файла 21
    Кб

қалыптасты.Кейбір нарықтардың ресми ережелері бар және нақты белгіленген орындарда әрекет етеді, мысалы тауарлар, қор немесе валюта биржалары. Ал басқа, мысалы жылжымайтын мүліктерді сату, қызмет көрсету іс жүзінде асырылатын ауызша ақпараттық жүйелер сияқты нарықтар бейресми және орталықсыздандырылған. Қазіргі заман нарықтарының ұйымдастырушылық спектрлері өте кең: тауарлардың көтерме және бөлшек нарықтары, ішкі нарық,

ұлттық нарық, әлемдік нарық және т.б.Нысандарының көптүрлілігіне, мөлшерлеріне қарамастан барлық нарықтарда тағы бір жалпы қасиеті бар: олар ақпартты адамдарға шешім қабылдау үшін қажетті бағалар және стимулдар түрінде ұсынады.Экономикалық оқулықтарда нарықтың мәнін ашатын көптеген анықтамалар бар. ХІХ ғасырдағы ағылшын экономисті У.Джевонс нарықты іскерлік қатынасқа түсетін және қандайда болмасын тауар бойынша ірі

келісім шарттар орнататын адамдардың тобы ретінде қарастырады. Қазіргі заманның американдық экономист Ф.Котлер нарықты тауарлардың әрекет етіп отырған және потенциалды сатып алушыларының жиынтығы ретінде сипаттайды.Нарықтың зерттеушілері болып, сонымен қатар американдық ғалым-экономисттер: С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи есептеледі. Олар келесі анықтаманы ұсынған: нарық- бұл сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір

тауарды сату – сатып алу бойынша қандай да болмасын келісімдерінің жиынтығы.Нарыққа ұсынылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс, яғни басқа бәсекелестердің ұқсас өнімдерінен ұтымды ерекшелене алатын тұтынушылық қасиеттері болуы қажет. Қазіргі заман нарығы жаңалық нарығына айналуда, себебі жаңалық – тауарлар мен қызметтерді бәсекеге қабілетті қылатын негізгі қасиет болып саналады.Қазақстан Республикасы

Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдiстемелiк қағидалары бар. Бiрiншiден, Қазақстан экономикасы меншiктiң әртүрлi нысандарына негiзделедi. Мемлекет заң алдында меншiктiң барлық субьектiлерiнiң теңдiгiн қамтамасыз етедi. Екiншiден, жеке меншiкке қол сұғуға болмайды. Үшiншiден, мемлекет жеке кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Төртiншiден,

монополистiк қызмет пен бәсекелестiң кез елген шектеуiне жол бермейдi. Бесiншiден, әкiмшiлiк аймақтың бiрлiктерi дербес болып табылады.Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазiргi жүйесiнiң негiзiн құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл қағидалар тек саяси әлеуметтiк мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттiң