аза стан Репспубликасынын нары ты тауарлар ндірісіні алыптасу жа дайлары — страница 2

  • Просмотров 1631
  • Скачиваний 33
  • Размер файла 21
    Кб

сапасы, оларды өндіру шығындары, тұтынушыға пайдалылығы жөнінде хабарлайды. Қазақстан Республикасы өзінің дамуында нарықтық бағытты анықтап, реформаларды «ҚР тәуелсіздігі туралы» Конституция Заңын 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаннан кейін интенсивті түрде жүргізе бастады.Қазақстанның нарық қатынастарына көшуінің бастапқы шарттарын келесі түрде жалпылама сипаттауға болады. 1991 жылы және кейінгі жылдары да өндірістің

қысқаруымен, әрекет етіп отырған басқару құрылымдарын нарықтық шаруашылықта тиімді әрекет етуге қабілеті бар жаңа органдармен ауыстырылусыз құлдырауыш жалғасатын әлеуметтік-экономикалық жүйе дағдарысы байқалған. Реформалардың басында әрекет етіп отырған «нарықтық» институттар, сауда және қамсыздандыру өткізу ұйымдары түбегейлі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделмеген еді.Дағдарыс қаржылық жүйесін де жаулап алды: ақша

эмиссиясы өсті, ақшалай табыстардың өсуі тауарлы массамен қамтамасыз етілмеді. Тауар айналымының көлемі баға факторы есебінен артып отырды. Гиперинфляция кезеңі басталды.Үкіметпен қабылданып жатқан ең алғашқы іс-шаралар мен бағдарламалар, біріншіден, саясат, экономика, құқық, қаржы және әлеуметтік салаларда нарық қатынастарын қалыптастыру және дамыту бойынша іс-шаралардың кешенділігін қарастырған. Екіншіден, олар

экономиканың макро және микро деңгейлерін, үшіншіден, өткізіліп жатқан реформалардың кезеңдер бойынша жүруін қамтамасыз етті.Қазақстан нарыққа көшу бағдарламалары:- институционладық реформа, мемлекет ролін қайта қарастыру, заңдылықтар реформалары, орындаушы биліктің қайта құрылуы, әлеуметтік қорғау жүйесін құру, мемлекеттік институттардың (салық жүйесінің, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін бақылау, ақша саясатын

бақылау) реформасы;- макроэкономикалық тұрақтылықты, қатаң бюджеттік және несие саясаты, мемлекеттік бюджет тапшылығымен күресу;- баға және нарық реформасы: бағалардан бақылауды алып тастауды, өндірістік факторлардың бәсекелестік нарығын құруды және сауда либерализациясын;- кәсіпкерлікті дамытуды: жеке меншік секторының қалыптасуын, меншік құқығын нығайтуды, салаларға фирманың қол жеткізе және шыға алуын, кәсіпорындардың

қайта құрылуын қарастырады.Жоғарыда айтылғандардан басқа бағдарламалардан көшудің басқа бағыты болып нарық инфрақұрылымын құру. Ол Қазақстанда нарық қатынастарын дамыту бойынша мемлекет өзегі болып табылады.Тауарлы шаруашылықтың даму барысында нысандарының көп түрлілігімен ерекшеленетін және ежелгі базарлардан компьютерлермен қамсыздандырылған, қазіргі заманға ұйымдастырылған нарықтарға дейін жол кешкен нарық