аза стан Репспубликасынын нары ты тауарлар ндірісіні алыптасу жа дайлары

  • Просмотров 990
  • Скачиваний 30
  • Размер файла 21
    Кб

Қарағанды Экономикалық Университет Қазтұтынуодағы Тақырыбы: Қазақстан Репспубликасынын нарықтық тауарлар өндірісінің қалыптасу жағдайлары Жасаған: Жакулов М. Тексерген: Қарағанды 2011 ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуы Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасуы нарық субъектілеріне қызмет көрсету саласында материалдық және материалдық емес өндірісті, әсіресі банк, несие, инвестициялық, ақпараттық,

технологиялық, инновациялық, коммерциялық қызмет салаларын әртүрлі қызмет және сервис түрлерімен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен объектілер кешенін қалыптастыруды талап етеді.Курстык жұмыстың мақсаты нарықтың барлық түрлеріне қызмет көрсететін және олардың қызмет етуіне қолайлы жағдай жасайтын кәсіпорындардың, ұйымдардың жүйесін, тауарлар мен қызметтерді тарату каналдарын ұйымдастыруды, тауар өндірушілердің

тұтынушылармен байланыстарын, биржаларды ұйымдастыру тәжірибелерін зерттеу, қалыптасқан шаруашылық жағдайларды ескеріп кәсіпорындарға кәсіби қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Нарық қалыптасуының негізгі бағыттары берілген, нарықтың жекелеген объектілерінің: еңбек, тауарлар және қаржылық нарықтарының қызмет етуінің теориялық негіздері баяндалады. Инфрақұрылым кешенінің нақты объектілері жөнінде жалпы түсініктер

берілген.Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының ішінен аса тиімдісі- нарықтық экономика екендігін адамзат тәжірибесі көрсетті. Көптеген экономистер нарықтық экономиканың негізгі артықшылығы- қоғам ресурстарын өндірістің шекті өнімділік факторларына сәйкес тиімді бөлуге мүмкіндік беретіндігінде,- деп қарастырады. Нарықтық экономиканың альтернативті экономикалық жүйелердің алдында артықшылығы ол инновациялық

қызметке ықпал етеді. Жақсы жұмыс істейтін нарық, нарық институттары әлсіз дамыған қоғамға қарағанда инновациялық қызметке рентабельділікті қамтамасыз етеді.Нарықтық экономика маркетинг механизмі арқылы төлем қабілеті бар сұранысқа сәйкес өндіріс көлемі мен құрылымын қалыптастырады. Нарыққа бағытталған экономиканың тармақталған инфрақұрылымдық сеті бар. Экономикалық ақпарат тауарлардың бар немесе жоқ болуы, саны мен